АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыды
2022 жылғы 10 тамыз 12:48

АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай өлеңдерін оқыды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай күніне орай Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері ұлы ойшылдың өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға келгелі бері біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар, үзінді болса да кейбірін жатқа айтқымыз келеді», - деді Брайан есімді қызметкер өзінің бейнеүндеуінде.

Атап айтқанда, АҚШ елшілігінің қызметкерлері «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңдерін оқыды. Ал Джон есімді тағы бір қызметкер «Көзімнің қарасы» әнін орындап берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында АҚШ Сенатының шешімімен Дэниел Н. Розенблюм Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне бекітілді.

Фото: kz.usembassy.gov



Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT