АҚШ елшілігімен бірлесіп Павлодарда әйелдерге арналған бизнес-академия ашылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодардағы жоғары оқу орнында АҚШ елшілігінің көмегімен өңір әйелдеріне арналған бизнес-академия ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Білім алушылар тобына elementary деңгейіне сай ағылшын тілін білетін, бизнеспен айналыспайтын, 18-40 жас аралығындағы қыздар мен әйелдер кіреді,
Павлодар облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамытумен 2021-2022 жылдарға арналған «Academy of Women Entrepreneurs» жобасын іске асыруға АҚШ Елшілігінің грантын алған университет айналысады.

Айта кетсек, облыста 52 000 шағын және орта бизнес субъектісі бар. Олардың 44,4%-ын әйелдер жүргізеді. Әйелдер бизнесі баяу дамуда. Сондықтан жобаның мақсаты - Павлодар, Екібастұз және Ақсу әйелдеріне өздерінің экономикалық әлеуетін іске асыруға көмектесу және сол арқылы өңірдің экономикасын күшейту.

– Жобаның басты міндеті - қатысушыларға бизнесті жүргізу негіздері туралы кешенді және жүйелі түсінік беру, олардың бизнес-дағдылары мен құзыреттерін жетілдіруге көмектесу, бизнестегі өз стратегиясын түсінуді қалыптастыру және өзіне сенімділік пен бизнестегі өз идеясының сәттілігіне уәждеме алу, - дейді университет ректоры Анастасия Алиясова. - Жобаның тәлімгерлері ретінде Американың халықаралық сарапшылары, экономиканың түрлі секторларында жұмыс істейтін, өз тәжірибесімен бөлісуге және сіздің бизнес-идеяларыңызға, оның ішінде қаржылық қолдау көрсетуге дайын кәсіпкерлер болады. Павлодар облысының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлеріне «Бизнес-ангелы Америки» ірі халықаралық ұйымы көмек көрсетеді.

«Әйелдер бизнес-академиясының құрылуы 9 қыркүйекте «Атамекен« палатасында өткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовпен кездесуде павлодарлық кәсіпкерлер көтерген өзекті мәселені шешеді», - деп атап өтті бастамашылар.

Жоба бір жыл ішінде әзірленді, келіссөздер, келісімдер жүргізілді..

Жобаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет: https://goo.su/7lvx


Соңғы жаңалықтар