+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

АҚШ елшілігі жеті қалада қыздарға арналған техникалық лагерь ұйымдастырмақ

2020 жылғы 26 маусым 17:00
Бөлісіңіз:
АҚШ елшілігі  жеті қалада қыздарға арналған техникалық лагерь ұйымдастырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ елшілігі Қазақстанның жеті қаласында қыздарға арналған техникалық лагерьді іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Абай өлеңдерін америкалықтар да оқи бастады: флэшмобты қолдаушылар саны артып келеді Елімізде педагогтар мен студенттер цифрландыру бағытында ақысыз оқытылды Алматылық оқушы балаларға тегін ағылшын тілін үйрететін онлайн мектеп ашты

Сабақтар Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал, Ақтөбе және Өскеменде онлайн және оффлайн форматта өтеді.

Былтыр Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылған Makercamp for Girls техникалық лагері географиялық ауқымын кеңейтіп, жеті қалада өткізіледі. Биыл алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылып отыр. Онлайн сабақтар 13 шілдеде басталып, 24 шілдеде лагерь қатысушылары жобаларының презентациясымен аяқталады.

Makercamp for Girls мақсаты - қыздарды нақты ғылымдар бойынша қарқынды практикалық сабақтар арқылы шабыттандырып, ынталандыру, бағдарламалауда практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ технология саласында өз идеяларын жүзеге асыру.

Қыздар екі апта бойы бағдарламалау, сайт жасау, сондай-ақ Scratch графикалық тілін үйренуде базалық білімді тегін ала алады. Шақырылған сарапшылар жоба жұмыстары, нақты ғылымдар мен коммуникация дағдыларындағы креативтілік рөлі турлы дәрістер өткізеді.

Қыздар күнделікті өмірде кездесетін мәселелер мен жергілікті проблемаларды шешетін жобаларды әзірлеп, тапсырмаларды орындау үшін чат боттарды пайдаланады.

Онлайн лагерьге 15-18 жас аралығындағы, ал оффлайн лагерьге 13-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

Онлайн лагерьге қатысу үшін 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет.

Makercamp for Girls бағдарламасы алғаш рет 2017 жылы Алматыда АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен мен «Шеврон» компаниясының демеушілігі арқасында жүзеге асырылды.

Толық ақпаратты лагерьдің Инстаграмдағы парақшасынан білуге болады: @Makercampkz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT