АҚШ экономикасы сәуірден маусымға дейін жылдық есептеумен 0,6%-ға әлсіреді

Фото:
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Тұтыну бағасы мен пайыздық мөлшерлеменің күрт өсуінен зардап шеккен АҚШ экономикасы сәуірден маусымға дейін бір жылдық мөлшерде 0,6%-ға әлсіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ABC News-ке сілтеме жасап.

Бұл қатарынан екінші тоқсан экономикалық әлсіреуді көрсетіп, құлдырау белгілерінің бірі болды. Экономистердің көпшілігі АҚШ-тың күшті және тұрақты еңбек нарығына сілтей отырып, әлемдегі ең ірі экономика әлі рецессияда емес деп санайды.

Жұмыс берушілер биылғы жылы орта есеппен айына 438 мың жұмыс орнын қосып отыр. Бұл 1940 жылдан бергі мемлекеттік жазбалардағы жұмысқа қабылдаудың екінші ең жақсы жылф (2021 жылдан кейін) саналады.

Жұмыссыздық деңгейі – 3,7%, бұл – тарихи өлшеммен алғанда төмен көрсеткіш. Қазіргі уақытта әрбір жұмыссыз америкалық азамат үшін екі жұмыс орны бар.

Бірақ, биыл Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді бес рет көтерді.




Фото:abcnews.go.com






Соңғы жаңалықтар