АҚШ Беларусьті құны бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын - Помпео

None
None
МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттары Беларусьті құны 100 пайыз бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын.

Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бүгін Минскіде Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен жүргізген келіссөздерден соң айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

«Біз экономикалық мәселелер бойынша ұзақ келіссөздер жүргіздік. Лукашенко мырза беларусьтардың өз тәуелсіз мемлекеті бар екенін және олардың қандай да бір мемлекеттің бөлшегі бола алмайтынын айтты. Америка Құрама Штаттары Беларусьқа тәуелсіз мемлекет болуға көмектесуге дайын. Біздің энергоресурс өндірушілеріміз бағасы 100 пайыз бәсекеге қабілетті мұнаймен қамтамасыз етуге дайын. Біз әлемдегі энергоресурс өндіретін ең ірі елміз. Оны бізден сұрау жеткілікті»,-деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Оның сөзінше, америкалық кәсіпорындардың Беларусь нарығына шығуы үшін мемлекеттерге аздаған кедергілерден өту керек.

Саясаткер ДСҰ-ға кіру және жеке сектордың белсенділігі Беларусь еліне өзінің әлеуетін ашуға ықпал ететініне сенімді.

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар, екі ел арасындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша да сәтті ынтымақтастық орныққанын және болашақта бұл байланыстар кеңейе беретінінен үмітті екенін айтты.

Майкл Помпео сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысының Беларусь еліне сапарын ұйымдастырудың сәті баяғыда-ақ туғандығын айтты.

«Біз АҚШ тарихын есте ұстауымыз қажет. АҚШ 1991 жылы Беларусьтің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Біз әлі де осы ұстанымдамыз және болашақта біздің қарым-қатынастарымыз тереңдей береді деген үміттеміз»,-деп мәлімдеді ол.


Соңғы жаңалықтар