АҚШ байқаушысы үш сағатта Алматыдағы алты сайлау учаскесін аралады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алматылықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Wikistrat Global Consultancy» аға ғылыми қызметкері, АҚШ-тың тәуелсіз бақылаушылар миссиясының мүшесі Ричард Уильям Вайц айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер Алматыдағы 6 сайлау учаскесін үш сағат аралағанын айтты.

«Сайлау учаскелерінде мен әр түрлі жастағы адамдарды көрдім, жастар да бар, үлкен кісілер де бар. Ешқандай наразылылық болған жоқ, мен өз көргеніме риза болдым», - деп атап өтті Ричард Уильям Вайц.

Сонымен қатар, ол 6 сайлау учаскесін үш сағат аралағанын айтты

Баспасөз орталығының спикері Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда сайлауға барынша жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етті.

«Басты айырмашылықтардың бірі осы болса керек. АҚШ-та сайлауда халқының жартысынан азы дауыс береді. Сондай-ақ АҚШ-та байқаушыларға сайлау учаскелерінің ішінде болуға тыйым салынады, олар оны сырттан бақылайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар