АҚШ барлық елдер үшін виза беруді тоқтатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясына байланысты Америка Құрама Штаттары шетел азаматтарына виза беруді белгісіз мерзімге тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстандағы Америка Елшілігіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 19 наурызынан бастап АҚШ Елшілігі және Бас консулдығы иммигранттық емес және иммигранттық визалар бойынша сұхбат жүргізуді және сұхбатқа жазылуды уақытша тоқтатады. Визалық қызметтер мүмкін болған жағдайда қайта көрсетіле бастайды. Әзірге оның нақты датасын айта алмаймыз. Виза үшін төленген сома сол төленген күннен бастап бір жыл бойы жарамды және оны төлеген елде виза алу үшін пайдалануға болады. Егер сіз Америка Құрама Штаттарына шұғыл себептермен баруыңыз керек болса мына сайттағы нұсқауларды орындауыңызды сұраймыз. Немесе бізге [email protected] элеткрондық поштасы, 7 727 350 5703 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Жедел сұхбатқа жазылу үшін - 8 800 100 2554 телефон нөмірі қолжетімді», - делінген елшілік сайтында.


Соңғы жаңалықтар