АҚШ азаматшасы «онлайн-ғашығына» 1,4 млн доллар аударып жіберген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ тұрғыны шынайы өмірде ешқашан көрмеген «онлайн-ғашығына» бір жарым жылдың ішінде 1,4 миллион долларды аударып жіберген, деп хабарлайды Лента.ру «Viral Spell» сайтына сілтеме жасай отырып.

Африкада (бірде Бенин Республикасында, бірде Нигерияда) тұратын 46 жастағы ер адам АҚШ азаматшасымен Интернет арқылы танысқан. Оны сүйетіндігін айтып, сендірген. Тіпті, жақында Америкаға барып, оған үйленетінін айтып, уәде де берген. Осылайша ол, оны алдап, ақша алып отырған.

Сара есімді әйелдің айтуынша, ақша аударып отырған ер адамды ешқашан көрмеген. Оның айтуынша, ер адам АҚШ азаматы екен, отанына оралуға түрлі себептер кедергі болып, қиналып жүрген. Осындай қиял әңгімеге сенген әйел оған үздіксіз ақша аударып тұрған. Тіпті, ол құны 500 мың доллар тұратын үйін де «махаббат» жолында құрбан еткен.

Соңғы жаңалықтар