АҚШ: Атлантада ер адам дәрі бермегені үшін медицина орталығында атыс шығарды

Фото: Фото: ru.euronews.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Атланта қаласында ер адам дәрі бермегені үшін медицина орталығында атыс шығарды. Күдікті қамауға алынды. Анасының айтуынша, оған депрессиямен күресу үшін «Ативан» препаратын тағайындаудан бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Атланта полициясы қаланың іскерлік орталығындағы медициналық орталықтың күту залында оқ жаудырған адамды тұтқындады. Атыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр.
Күдікті оқ жаудырғаннан кейін ізін жасырған. Ол 24 жастағы Деймон Паттерсон болып шықты.

Анасының айтуынша, оның ұлы бұрынғы жағалау күзетінің қызметкері, ардагерлер істері жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінен алған дәрі-дәрмектерден кейін психикалық тұрақсыздыққа ұшыраған. Ол ұлының мазасыздық пен депрессиямен күресу үшін «Ативан» препаратын қабылдағысы келетінін, бірақ тәуелділік қаупіне байланысты оған препарат берілмегенін айтты.
Оның анасы - медбике. Ол ұлының дәрі қабылдауын қадағалауға уәде берді.


Соңғы жаңалықтар