АҚШ Астана процесінің Сириядағы жағдайда реттеуге үлес қосқанын мойындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасында өткен сирияаралық кездесулер Сириядағы қарулы қақтығыстың бейбітшілікке ұласуына ықпал етеді. Бұл туралы Вашингтонда бірнеше мемлекет өкілдерінің қатысуымен болған министрліктердің кездесуінде жазбаша түрде жарияланған мәлімдемеден белгілі болды. Олар Ирак пен Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік тобымен күреске бағытталған америкалық әскери операцияға қатысы бар, деп хабарлады ТАСС.

«Біз БҰҰ-ның Женевадағы келіссөздерін жаңғырту үшін жол салуға бағытталған Астанадағы кездесудің үлесін мойындаймыз», делінген АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарда.

Құжат авторларының мәлімдеуінше, коалиция 2012 жылғы женевалық келісімдер мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 резоюциясы негізінде Дамаскіде жаңа үкіметті құруға деген «шыншы саяси қадамдарды» қолдайды. АҚШ пен оның одақтастары және серіктестері Сирияда жергілікеті тұрғындардың мүдделерін қорғайтын инклюзивті плюреалистік және бүкілконфессиялық үкіметтің қалыптасуын қалайды.

Осыған байланысты жиынға қатысушылар БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистураның делдал ретінде күш салуға деген қолдауы туралы жария етті. Мәлімдемені жасаушылардың көзқарастары бойынша, келіссіздер арқылы бейбіт түрдегі келіссөздер Сирияның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтап қалу үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар