АҚШ аспанындағы қытайлық аэростат: Байденнің жауабы қандай болмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден елдің аумағында, соның ішінде ядролық зымырандарды басқару базасының үстінде Қытай әуе шарының пайда болуына қандай дипломатиялық жауап беру керектігін шешуі керек. Америкалық тараптың пайымдауынша, ол барлау мақсатында арнайы жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Республикашылдар Байденді әуе шарын атып түсіруге ерте бұйрық берді деп сынға алды. Ал, Ақ үйдің мәлімдеуінше, бейбіт тұрғындарға қауіп келмеуі көзделген.

«Мен сәрсенбі күні оны атып түсіруге бұйрық бердім. Маған оның қауіпсіз жерге барғанын күте тұру ұсынылды», - деді Байден.

Ал, «Бұл Қытаймен қарым-қатынасқа қалай әсер етеді?» деген сұраққа Байден жауап бермеді.

Республикашылдар президентті Қытайға қатысты жұмсақтығы үшін айыптап отыр. Әзірге оқиғаның жалғыз салдары – мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің Бейжіңге ресми сапарының тоқтатылуы, онда ол Си Цзинпинмен кездесуі керек еді.

Еске салайық, 4 ақпанда АҚШ Оңтүстік Каролина жағалауында Атлант мұхитының үстінен ұшып бара жатқан Қытай аэростатын атып түсірген болатын.

Бұған дейін АҚШ аспанында жұмбақ шар пайда болып, оны Пентагон «тыңшылық жасап жүрген Қытайдың объектісі» деп мәлімдеген.

Бейжің мұның қате екенін айтып, асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Қытай АҚШ-қа атып түсірілген аэростатқа қатысты наразылық білдірді және бұл жай ғана адасып кеткен метеозонд екенін мәлімдеді. Оның қалдықтары Атлант мұхитына түскен, әрі қарай зерттеу үшін шығарып алу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар