АҚШ әскерлері Сириядағы лаңкестік ұйым басшыларының көзін жойды

None
АММАН. ҚазАқпарат – Америка әскері Еуропадағы лаңкестік әрекеттерді жоспарлауға жауапты Сириядағы «Ислам республикасы» тобының (Қазақстанда тыйым салынған – авт.) жоғары шенді басшыларының көзін жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CENTCOM-ға сілтеме жасап.

АҚШ орталық қолбасшылығы (CENTCOM) сейсенбі күнгі мәлімдемесінде топтың өлтірілген мүшесінің есімін хабарлады. Ол қарулы топтың Еуропадағы ИР шабуылдарын жоспарлауға жауапты болып, басшылықтың құрылымын жасаған Халид Айдд Ахмад аль-Джабури болып шықты.

«Топ әлсіреп қалғанына қарамастан, ол бұрынғыша Таяу Шығыстан тыс жерлерде шабуыл жасау операцияларын өткізуге қабілетті. Оның өлімі сырттағы шабуылдарды жоспарлау мүмкіндігін жояды», делінген мәлімдемеде.

Операция дүйсенбі күні өткізілді. Бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта «Ислам республикасы» тобының саны 5-7 мың адамға жетеді. Олар негізінен Сирия мен Иракта тұрады, деп хабарлады Reuters БҰҰ есебіне сілтеме жасап.

Фото: AlJazeera / AP


Соңғы жаңалықтар