+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

АҚШ Әскери-теңіз күштері ұшатын беймәлім нысан түсірілген видеоны растады

2019 жылғы 19 қыркүйек 19:52
Бөлісіңіз:
АҚШ Әскери-теңіз күштері  ұшатын беймәлім нысан түсірілген видеоны растады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Әскери-теңіз күштері әуеде жүрген «ұшатын беймәлім нысандар» түсірілген видеоның шынайылығын растады. Ресми тұлғалар бұл нысанның не екенін білмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

АҚШ Әскери теңіз флотының баспасөз хатшысы Джозоф Грэдишер CNN-ге берген сұхбатында жарияланған үш бейнематериалда «беймәлім ұшатын нысандар» түсірілгенін растады.

2017 жылғы желтоқсан мен 2018 жылғы наурыз аралығында To The Stars Academy of Arts& Sciences жариялаған видеода әуеде жылдам үшып жүрген сопақша нысандар көрінеді. Олар инфрақызыл сенсор көмегімен түсірілген.

2004 жылғы кадрларда сенсорлар нысанды ұшып бара жатқан күйінде түсірген. Алайда нысан жылдамдығы тез үдегендіктен анық түсіре алмаған. 2015 жылғы екі видеода не көргенін ұқпай отырған америкалық жойғыш ұшақ пилоттардың өзара әңгімесі жазылып қалған.

«Бауырым бұл – сайтан алғыр дрон ғой», - дейді пилот алғашқы видеода әріптесіне.

«Құдайым –ау! Желге қарсы жылдам ұшады екен»

«Мынаның кереметін қара!»

Грэдишердің айтуынша, әскери-теңіз күштерінің «беймәлім ұшатын нысандарға» қатысты оқиғаны ашық мойындауы, пилоттарға қауіп төндіретін осындай «шабуылдарды» әуе айлақтарының маңында байқап қалған тұрғындардың қажетті мекемелерге өздері хабарлап тұруы үшін қажет болған.

«Мен оқу-жаттығу кездерінде осындай жағдайлар жиі болатын айтып тұрмын», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұл беймәлім ұшатын заттардың не екенін анықтауға мүмкіндік беретін жалғыз жол – азаматтарды осыған ұқсас құбылыстарды көрген кезінде хабарлап отыруға ынталандыру.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT