АҚШ Ашық аспан шартынан шықты

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттары жексенбіде ресми түрде 30-дан астам мемлекет мүше болып келген Ашық аспан шартынан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.
АҚШ мұндай жоспары барын осыдан бір жыл бұрын мәлімдеген еді: Вашингтон Ресейді Калининград облысына, Грузия шекарасына және ірі әскери жаттығу аймақтарына ұшуға тыйым салды деп айыптады.
Осылайша Ресей шартты бұзғанымен қоймай, АҚШ-тың инфрақұрылымы жайлы ақпарат жинау үшін оны теріс мәнде пайдаланды деген болатын.
Шартқа 1992 жылы қол қойылды. Шарт бойынша мүше-елдер бір-бірінің аумағын барлауға, әскерлерінің орналасқан жерін және қозғалысын бақылай алады.
Осы арқылы әскердің қарулануына қойылатын шектеулердің орындалуы бақыланады. Осындай барлаудың нәтижесінде алынған ақпарат келісімнің барлық қатысушысына қолжетімді.
Осыған байланысты бірнеше күн бұрын Ресей СІМ Шартта қалған елдер Вашингтонмен деректерді бөлісуді тоқтатады және Еуропа елдеріндегі америкалық әскери базалар шарттан тыс қалмайды деп мәлімдеген болатын.
- Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін
- Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
-
Рио-де-Жанейро коронавирусқа байланысты карнавалдан бас тартты
-
Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам