+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

АҚШ Ашық аспан келісімінен бас тартпақ – Әлемдік баспасөзге шолу

2019 жылғы 13 қазан 13:42
Бөлісіңіз:
АҚШ Ашық аспан келісімінен бас тартпақ – Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Цукерберг: Миллиардерлердің ешқайсысы сонша байлыққа лайық емес – Әлемдік баспасөзге шолу

АҚШ Ашық аспан келісімінен бас тартпақ - The New York Times

«Ашық аспан келісімінен түсетін пайда оның барлық кемшіліктерінен асып түседі. Дегенмен, Дональд Трамп басқаша ойлайды және АҚШ-ты әлемдегі тұрақтылықты сақтап тұруға мүмкіндік беретін келісімнен шығарып алғысы келеді. Конгрессмендер мен сарапшылар мемлекетті мұндай нәтижелі келісімнен қалай шығарып алуға болады деп аң-таң», деп жазады The New York Times.

Ашық алаң келісімін соғыс кезінде президент Дуайт Эйзенхауэр ұсынып, кейін үлкен Джордж Буш қол қойған. Бұл келісім АҚШ, Ресей және басқа да қатысушы мемлекеттерге бір-бірінің аумағында әскери бақылау жасауға мүмкіндік береді.

«Президент Трамп АҚШ-ты қару жарақты бақылайтын, әлемдегі тұрақтылықты сақтап тұруға септігін тигізетін бірнеше келісімнен шығарып алды. Конгрессмендер мен сарапшылар енді Трамптың Ашық аспан келісімінен шығуы мүмкін екеніне таңғалып отыр», делінген мақалада.

Автордың айтуынша, Трамп өзінің кеңесшілері мен Конгресс пікіріне құлақ аспай, халықаралық жауапкершіліктен құтылуға асығып отыр.

«Трамп АҚШ-тың келісімнен шығатынын ресми түрде жарияламас бұрын өз ойын Конгреске және жақтастарына айтуы керек. Бұл келісімінің тигізетін пайдасы кемшіліктерінен басым екені белгілі», деп жазады автор.

Масаның кесірінен осы күнге дейін 52 миллиард адам өлген - Haaretz


«1698 жылы бортында Шотландиядан шыққан мыңнан астам адамы бар алты кеме Панамаға барып, жаңа өмір бастамақ болады. Дегенмен, экспедиция сәтсіз аяқталады. Кемедегі халық жұқпалы аурулардан жылдам өледі», деп жазады тарихшы Тимоти Вейнгард «Масалар: ең адам өлтіргіш жыртқыштар тарихы» кітабында. Haaretz авторының айтуынша, колонистердің тең жартысы өлгеннен алты айдан соң кеме кері қайтқан.

«Вейнгардтың кітабында мұндай оқиғалар тізімі көп. Кітапта автор масалардың өлімге әкелетін әртүрлі аурулар таратқанын жаған. Адамдар мыңдаған жыл бойы масалар тарататын арулардан өліп жатқанын да білмеген. Тек XIX ғасырдың соңында масалардың ауру тарататыны ғылыми түрде дәлелденді. Кітап авторының айтуынша, осы күнге дейін тарихта масалардың кесірінен 52 миллиард адам қаза тапқан «, делінген мақалада. Оның айтуынша, жаһандану жаңа ауру түрлерін туғызған және масалар тарататын аурулар қатарын арттырған.

«Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алдағы 50 жылда миллиардтан астам адам масалар тарататын ауруларды жұқтыруы мүмкін», деп жазады автор.

Ел азаматтығын сату бизнес көзіне айналды – ВВС


«Елу жыл бұрын екі мемлекеттің азаматтығын қатар алу сирек кездесетін жағдай болса, бүгінде ол қалыпты үрдіске айналуда. Бүгінгі таңда әлемдегі мемлекеттердің жартысынан көбінде инвестициялар арқылы азаматтық беретін бағдарламалар бар. Швейцария заңгері, сарапшы Кристиан Калиннің айтуынша, бұл әлемдік индустрия қазір жылына 25 млрд долларды құрайды», деп жазады ВВС. Автордың сөзінше, Калиннің жаһандық бизнесі байларға басқа мемлекеттердің азаматтығын алуға көмектеседі.

«Ешкімге таныс емес Вануату елінде төрт жыл бұрын азаматтық алудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді үкіметтің ең үлкен табысы паспорттардан түсіп отыр. Ең басты артықшылық, Вантуату мемлекетінің азаматтығы бүкіл Еуропаға визасыз баруға мүмкіндік береді», дейді автор.

Мақалада айтылғандай, қазіргі таңда ел азаматтығын сататын әлемдегі ең үлкен нарық Гонконг болып отыр.

«Азаматтықты сату да бәсекелі бизнеске айналды. Мысалы, Кариб елдеріне паспортты 150 000 долларға алуға болады. Вантуатуда да солай. Португалияда 384 000 доллар, Испанияда 550 000 доллар, Болгария 560 000 доллар, Мальта 1 млн. Долларға азаматтық сатады», деп жазылған ақпаратта.

Иран әйелдері 40 жылда алғаш рет стадионда футбол көрді – The Guardian


«Үш жарым мыңнан астам ирандық әйел қырық жылдан соң алғаш рет стадионда футбол көрді. Бұған дейін Иранда әйелдерге стадиондарға кіруге қатаң тыйым салынған еді. Стадионға ер адамның киімімен келіп кірмек болған әйел өз-өзін өртеп жібергеннен кейін ФИФА бұл тыйымды алып тастауды сұраған еді», деп жазады The Guardian.

Автордың айтуынша, әйелдерге арналған 3500 билет жылдам сатылып кеткен. Дегенмен, ойынға барған нәзік жандылар билет сату және қызмет көрсету сапасына көңілдері толмайтынын жеткізген. Сонымен қатар қыз-келіншектер отыратын орын арнайы қоршалған, ал 78 мың адамға арналған стадионнан әйелдерге тек 3500 билеттің бөлінуі тіпті көңілден шықпаса керек.

«Бұл жыныстық дискриминацияның үлгісі. Стадионның көп орындары бос тұрды, бірақ ол жерлерге әйелдер жіберілмеді», - депті басылымға стадионға келген әйелдер.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, қоғам бұл тыйымды алып тастауға дайын болмағандықтан, әйелдерге аз билет бөлінген.

Сингапур экономикасы АҚШ-ты басып озды – CNN


«Синапур әлемдегі бәсекеге ең қабілетті экономика ретінде АҚШ-ты басып озды», деп жазады CNN.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік баяндамасында Сингапур АҚШ-ты артқа тастады. Баяндаманы жасау барысында макроэкономикалық тұрақтылық, инфрақұрылым, еңбек нарығы мен инновациялық мүмкіндіктер есепке алынған.

«Биыл Сингапур әлемдегі ең үлкен экономиканы екінші орынға ысырды. Азиядағы қала мемлекет инфрақұрылым, денсаулық сақтау, еңбек нарығы және қаржы жүйесі критерийлері бойынша бірінші орынға шықты», деп жазады автор. Оның айтуынша, Сингапурдің алдыға ығуына АҚШ Қытай сауда соғысы әсер еткен.

«Үздік бестікте АҚШ пен Сингапурдан басқа Гонконг, Нидерланд, Швейцария бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT