АҚШ алғаш рет B61-12 термоядролық бомбасын жойғыш ұшақтың көмегімен сынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Әскери әуе күштері 14 наурыз күні оқталмаған B61-12 тремоядролық бомбасын Невададағы полигонында F-16C истребителінің көмегімен тастау арқылы сынақтан өткізді. Бұл туралы ақпарат Робин әуе базасының сайтында бейсенбі күні пайда болды.

Сынақтың мақсаты ұшақтың жарылғыш заттарды жеткізу мүмкіндігі мен снарядтың ядролық емес компоненттерінің жұмысын бақылау болатын.

Бомба алғаш рет F-16C көмегімен сыналғандығы айтылады. Болашақта оны B-2A, B-21, F-15E, F-16C/D және F-16 MLU, сондай-ақ F-35 и PA-200 ұшақтарымен де тасымалдауға болады. Жаңа үлгідегі 12-ші В61 бомбасын сынау жұмыстары 2015 жылы басталды.

Бомбаның басты ерекшелігі оны басқарып, өте жоғары биіктіктен және жоғары дәлдікпен тастауға мүмкіндік беретін құрылғысында. B61-12 бомбасын жаппай шығару жұмыстары 2020 жылы басталады. Алдын ала болжам бойынша, бомба Еуропа базаларындағы осыған дейінгі үлгілерді алмастыратын болады.

Соңғы жаңалықтар