АҚШ: Алабама штатында дүлей құйын бес адамның өмірін жалмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алабама штатында болған торнадо салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешке штаттың бірнеше округінің 20 мыңнан астам тұрғыны электр қуатынсыз қалған. Ал Калхун округінде бес адам торнадо құрбаны болды, дейді шериф Мэттью Уэйд.

Бирмингем штатының ең үлкен қаласында 30-дан 50-ге дейін ғимарат қирады.

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі залалды бағалауды жалғастырып, зардап шеккендерді іздестіруде. Бұған дейін АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің Мамандандырылған бөлімі Алабама, Миссисипи және Теннессидегі торнадо қаупі туралы ескерткен болатын.


Соңғы жаңалықтар