+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақсайдағы тамақтан улану: 9 адам дәрігерге жүгінген

2021 жылғы 15 мамыр 16:56
Бөлісіңіз:
Ақсайдағы тамақтан улану: 9 адам дәрігерге жүгінген

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында тамақтан жаппай уланған адамдар саны 9-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқандар саны 455-ке жетті Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полиция қызметкерінің ісі сотта қаралды Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға көтерілді

ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғанындай, Ақсайда 6 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскен болатын.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нақтылағанындай, өткір гастроэнтероколит деген күдікпен барлығы 9 адам дәрігерге жүгінген.

Бұлардың алтауы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне, соның ішінде екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Күні бүгін науқастардың бәрі жұқпалы

аурулар бөлімшесінде. Сонымен қатар 3 адам амбулаторлық ем алуда. Олардың барлығының жағдайы орташа ауыр.

Бөрлі ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тексерген кезде компанияның 7 қызметкері 10 мамыр күні Қарашығанақ газмұнай конденсаты кенішінде орналасқан асханалардың бірінде кешкі тамақ ішкені анықталды. Екі қызметкер тамақты үйге

алып кеткен. Соның салдарынан отбасының екі мүшесі уланды.

«Ауруханаға түскен кезде науқастардың бәрі іші өтіп, құсқаны, дене қызуының көтерілгені жөнінде айтып, шағымданған. Қазіргі таңда аталған асханаға қатысты жоспардан тыс тексеру басталды, зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында екі автокөлік соқтығысып, үш баланың зардап шеккенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT