Ақсайдағы атыс: Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Ақсай қаласындағы атыс оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 қыркүйек күні шамамен сағат 01.30-да орын алды.

Белгісіз біреу тұрғын үйдің ауласында 1977 жылғы ер адамға оқ атқан. Соның салдарынан түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда атыс болып, ер адамның ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар