19:11, 19 Қазан 2019 | GMT +6
Ақсайда жол апатынан екі адам мерт болды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңында болған.
«Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту 07.25-те түскен. 71 жасар әйел мен 69 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, денесі көгерген 33 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.