Ақсай су станциясының құрылысы 2021 жылы басталуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының жеті шағын ауданында су және кәріз желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наурызбай ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, аумақтарды абаттандыру және тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда салу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Қолға алынған жобаларды жүзеге асыру үшін 70 млрд астам теңге бөлінді. Оның 1,6 млрд теңгесі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қарастырылған»,– деді Бағлан Дәндібаев.

Сонымен қатар, ол ауданды орталық сумен жабдықтау және су бұрумен қаматамсыз ету үшін 2020 жылы бюджеттен 30 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті.

«Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «шетсіз қала» қағидаты бойынша өткен жылдан бастап коммуналдық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта 7 шағын ауданда (Ақжар, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла) су құбыры және кәріз желілерінің, Қарғалы және Таусамалы 2 шағын ауданында су тарту құрылыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Ақсай су жинау құрылыстары мен су дайындау станциясының құрылысын 2021 жылы сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін бастауды жоспарлап отырмыз»,– деді ол.

Аталған жұмыстар алдағы 3 жылда аяқталады.


Соңғы жаңалықтар