+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ақсай мен Аюсай өзендеріне бөгет салу қажет- Тоқаев

2019 жылғы 29 қазан 16:06
Бөлісіңіз:
Ақсай мен Аюсай өзендеріне бөгет салу қажет- Тоқаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ақсай мен Аюсай шатқалындағы бөгет құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты қарым-қатынасқа оң әсерін тигізеді Азаматтардың несиесін кешіру: Мемлекет акцияны қайталай ма, әлде жалғастыра ма

«Арық жүйесі әлі күнге дейін толық жұмыс істемейді. Бұл көктемде және жаңбыр жауған кезде үнемі су тасқынына әкеледі. Бұл алматылықтардың наразылығын тудырады. Әкімдік ең проблемалық аудандарды анықтап, оларды қалпына келтіру шараларын қабылдауы керек. Сонымен қатар, Алматы сейсмикалық аймақта орналасқанын ұмытпаңыздар. Қаланың жанында 37 мореналды және мұздық көлдер бар, олардың кейбіреулері қауіпті. Алматыдағы соңғы сел қалалықтардың есінде. Сондықтан бұл мәселе оларды алаңдатады. Ақсай мен Аюсай шатқалындағы бөгеттердің құрылысын бастау керек және қалада сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Мен Үкіметке олардың құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Президент.

Бұған дейін, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Ақсай мен Аюсай өзендерінде селге қарсы бөгеттерді салу туралы баяндама жасаған болатын.

«Алматы 10 баллдық сейсмикалық және сел қаупі бар аймақта орналасқан. Жыл сайын қаладан 80 км радиуста шамамен 200 әлсіз және орташа жер сілкінісі болады. Осыған байланысты сізден Үкіметке бөгет салу мәселесін тездетіп, 2020 жылға арналған республикалық бюджет қаражатын қарастыруды тапсыруыңызды сұраймын. Қажетті құжаттар бар, бәрі дайын тұр», - деген болатын Сағынтаев өз сөзінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT