+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілді

2020 жылғы 26 ақпан 14:50
Бөлісіңіз:
Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсай қаласының әкімі Аманкелді Тоғызбаевтың шешімімен барлығы 25 көшенің атауы өзгертілді.

Осылайша бұрынғы Советская көшесі биыл 1150 жылдығы ел көлемінде кеңінен аталып жатқан ғұлама ғалым әл-Фарабидің есімін иеленді.

Сондай-ақ Утвинская көшесі – Мұхтар Әуезов, Первомайская – Жұбан Молдағалиев, Комсомольская – Талғат Бигелдинов, Октябрьская – Хиуаз Доспанова, Вахтовая - Бекзат Саттарханов есімдерімен аталатын болды.

Сол секілді 8 март – 8 наурыз, Безымянный переулок – Өркен, Западная – Батыс, Восточная – Шығыс, Линейная – Жібек жолы, Центральная – Орталық, Молодежная – Жастар, Овражная – Береке, Пролетарская – Желтоқсан, Рабочая – Зерде, Северная – Солтүстік, Трудовая – Еңбекші, Тупиковая – Көкжиек, Чингирлауская – Шыңғырлау, Школьный переулок – Балдырған, Южная – Оңтүстік, Садовая – Иван Ващук, Кооперативная Қайыр Шәкенов болып өзгертілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдағы орталық даңғылдардың біріне Абайдың есімін беру ұсынылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT