Ақсай қаласында су кестемен беріліп жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бөрлі ауданы орталығы Ақсай қаласында су кестемен беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсай қаласының әкімі Арсен Баяндықовтың мәлім еткеніндей, кәріз жүйесінің еріген қар суына толып кетуіне байланысты осындай оқиға орын алып отыр.

«Қалаға су кешкі 18.30-дан 20.00-ге дейін және таңмен 07.00-ден 08.30-ға дейін берілетін болып шешілді. Қазіргі кезде тасқын су қатты келіп жатыр. Қалаға қарасты Қызылтал ауылында суға кеткен үйлер баршылық. Жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр. Барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылған. Жағдай қалыпқа келсе, қалаға су үздіксіз берілетін болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Баяндықов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды.

БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Батыс Қазақстанда ауылға су кіріп, 44 адам эвакуацияланды.

БҚО-да республикалық жолды су шайып кетті.

Соңғы жаңалықтар