Ақсай қаласында дәрігерлерге арналған 12 пәтерлік үй пайдалануға берілмек

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақсай қаласында биыл жас дәрігерлерге арналған 12 пәтерлік үй пайдалануға берілмек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Сыдықовтың сөзіне қарағанда, осы мақсатқа 40,6 млн. теңге бөлінген. Аталмыш үй құрылысын «УПОСМ-строй» ЖШС жүргізуде. Жаңа пәтерге қоныстанатын сегіз-тоғыз маман қазірдің өзінде анықталып үлгерді. Оларға үйге қоса бір жолғы көтермеақы беріледі.

Жалпы, аудан бойынша жиырма екі дәрігер жетіспейді. Биыл төрт маман ауылдарға жіберілді. Алдағы уақытта олар малмен де қамтамасыз етіліп, басқалай да қамқорлықтар көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар