Ақсай қаласында «Ауди» автокөлігі өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында «Ауди-100» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 17.55-те Жамбыл көшесі 66-мекенжайында орын алды.

Өрт сөндірушілер «Ауди-100» автокөлігінің мотор бөлігі қозғалыс үстінде жанғанын анықтады.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖ департаменті автокөлік қатты жанған жағдайда жарылыс болуы мүмкін екендігін, сондықтан 101 телефонына қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді күту қажеттігін ескертеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда пішен өртенуі жиілеп тұрғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар