Ақсақалов бюджеттен жаңажылдық безендiруге қаржы бөлмеудi тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында Тұңғыш Президент күніне арналған дайындық және облыс орталығын жаңажылдық безендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық тізіміне енген 8 солтүстікқазақстандық 1 желтоқсан күні Астанада өтетін Мемлекет басшысымен кездесуге қатысады. Облыстың қоғамдық салтанатты жиналысы 30 қарашаға жоспарланған. 1 желтоқсанда Петропавлда Тұңғыш Президент саябағының ашылуында концерт ұйымдастырылып, отшашу болады» , - деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсем Рахметова.

Жалпы өңірде 30-дан астам нысанның ашылуы жоспарланып отыр.

«Мерекелік күндерді халықпен кездесуге пайдалануымыз қажет. Мемлекеттік органдардың, басқармалардың басшылары, әкімдіктер халықпен кездесіп, қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып, мәселелерді бірлесіп талқылаулары тиіс. Шартты түрде бұл күнді ашық есік күні деп атайтын боламыз», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Отырыс барысында облыс орталығын жаңажылдық безендіру мәселесі де сөз сөз болды. Құмар Ақсақалов қала басшылығына бұл мақсатқа қаржы бөлмеудi тапсырды және жаңажылдық безендiру әшекейлерiн қайта қолдану бұл мәселенiң ең тиiмдi шешiмi екендігін баса айтты.

«Жаңа 2018 жыл жақындап келедi. Жыл сайын Петропавлда жаңажылдық безендiруге бюджеттен ақша бөлiнiп келдi. Меніңше, бұл тәжірибеден бас тарту қажет. Қалада былтырғы шыршалар, иллюминациялар мен гирляндылар бар. Соларды қолдану керек. Мұз қалашықтарын демеушiлердiң көмегiмен салуға болады. Бiзге бюджеттiк қаражатты жұмсау тәжiрибесiн тоқтатқан жөн. Үнемделген қаржы қаланы абаттандыруға бағытталуы қажет», - деп атап өттi Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар