+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

АКРА Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады

2021 жылғы 4 тамыз 14:49
Бөлісіңіз:
АКРА Қазақстанның кредиттік рейтингін BBB+ деңгейінде растады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігі (АКРА) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін ВВВ + деңгейінде растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты». «Тұрақты» болжам ең жоғары ықтималдық үлесімен 12-18 ай аралығында рейтингтің өзгермейтіндігін болжайды.

АКРА жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторлары а.ж. экономиканың жоғары өсу қарқыны, ұлттық экономикаға тікелей шетелдік инвестициялардың елеулі ағымы, мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі ұлттық резервтермен нығайтылған орнықты сыртқы ұстаным болды.

АКРА 2021 жылы экономикалық өсудің 3,9%-ға дейін қалпына келуін күтуде. АКРА бағалауы бойынша, ел экономикасының өсу әлеуеті жоғары болып қалуда және жылына шамамен 4-4,5% құрайды.

Сонымен қатар, тұрақтылық факторлары ретінде АКРА қоғамдық та, мемлекеттік те институттар сапасындағы оң динамиканы атап өтеді.

Адами капиталды тұрақты арттыру ұзақ мерзімді оң әсер ететін тағы бір фактор болып табылады. Дүниежүзілік банк пен БҰҰ-ның соңғы бағалауларына сәйкес Қазақстанның адами капитал индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден асып түседі және санаты бойынша салыстырмалы елдер тобы рейтингінің шеңберінде неғұрлым жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Айта кетерлігі, АКРА Мәскеуде 2015 жылдың 20 қарашасында Ресей банкінің шешімімен құрылды. Акционерлері 27 ресейлік компания мен қаржы институттары, соның ішінде «Райффайзенбанк», «Сбербанк», «Альфа-Банк», «Газпромбанк», «Московская Биржа ММВБ-РТС».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT