+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ақпараттық технологияның дамуы оқырманымызбен байланысымызды үзбеуге септігін тигізді - Дәурен Қуат

2020 жылғы 5 маусым 11:41
Бөлісіңіз:
Ақпараттық технологияның дамуы оқырманымызбен байланысымызды үзбеуге септігін тигізді - Дәурен Қуат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясы газет-журналдарға айтарлықтай кері әсерін тигізді. Бұл туралы отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Қуат Дәурен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавируспен күресте халықтың мемлекетке сенім деңгейін талдау қажет – сарапшы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейде ауыр науқастарға арналған бөлімшелерді ашуды тапсырды Қазақстанда 1 314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

– Індет БАҚ саласының ішінде газет-журналдарға кері әсерін тигізді. Шетелдік баспасөздерге де оңай тимеді. Оқырмандары белсенді Еуропаның өзінде таралымы мол бірнеше газет жабылып қалды. Еуропадағы газеттердің мұндай ахуалы бізді де айналып өкен жоқ. Осы жиынның алдында халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен, «Jas qazaq» газетінің бас редакторы Срайыл Смайылмен сөйлестім. Қысылтаяң кезде бұл газеттер шығарылымын тоқтатуға мәжбүр болған. Біздің журналистер осындай шақта газеттің сайтына жұмыс істеді. Мысалы біздің «Қазақ әдебиеті» газеті бір айдай жұмысын тоқтатып тұрды. Бірақ оқырмандарымыздан қалайда қол үзбеу мақсатында сайтқа көңіл бөлдік. Соның ішіндей «күй шеру» деген челлендж өткіздік. Елде болып жатқан оқиғаларды қалт жібермей, қадағалап отырдық. Ақпараттық технологияның дамуы оқырманымызбен байланымызды үзбеуге септігін тигізді, – деді Д.Қуат.

Фото: turkestan.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT