Ақпараттық-коммуникациялар саласында жұмыс істейтіндер саны азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық компаниялардың 80 пайызы өз жұмыстарында компьютер қолданса, 96 пайызы интернетке қосылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Finprom.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Сапартама қорытындысына сенсек, ақпараттық технологияларға жұмсаған шығындары бір жылда 13 пайызға азайып, 305 млрд теңге болған.

«Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауынша, цифрлық технологиялар бизнестің табысын арттырып, алдағы 10 жылдың ішінде әлем экономикасына қосымша 30 триллион доллар кіргізуі мүмкін. Ал біздегі компаниялар былтыр аталмыш салаға бөлінген шығынды 12,8 пайызға қысқартты. 2017 жылы бұл көрсеткіш 349,9 млрд теңге болатын» - делінген хабарламада

Сәйкесінше, елдегі ақпараттық-коммуникация саласында еңбек етушілердің саны да кеміген. Яғни, 2017 жылға қарағанда 2018 жылы 2,8 мың адамға азайған.

Қазақстан бойынша ақпараттық-коммункациялық технологияға салаға мамандаған 150 компания тіркелген. Солардың ішінде Astana Hub компаниясы IT-стартаптар бойынша көш басында. Ел ішінде пайда болған мобильдік қосымшалардың 18,1% пайызы (72 жоба) соларға тиесілі. Екінші орынды 13,9 пайызбен цирфлық автоматтандыру жобалары иеленіп тұр. Үштікті 13,4 пайызбен электронды сауда жобалары түйіндеген. Одан кейінгі сатыларға цифрлық платформалар мен онлайн-білім беру жобалары жайғасқан. Олардың ортақ үлесі 18,1 пайыз.

Соңғы жаңалықтар