+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

«Ақпараттық қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы өтеді

2020 жылғы 5 желтоқсан 20:28
Бөлісіңіз:
«Ақпараттық қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге 6 желтоқсаннан бастап елордада «Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылы пандемияға және қашықтықтан жұмыс түрлеріне өтуіне байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеуде.

Атап айтқанда, 2020 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдардың саны 2,7 есеге жуық өсті.

Киберқауіптерден қорғауға Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы және «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесі, сондай-ақ АКИАМО-ның ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен байланыс операторларының, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерінің күштері мен құралдары тартылатын болады.

Киберқауіпсіздік оқу-жаттығуларын өткізу кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде түрлі проблемалар туындауы мүмкін. Оны қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады.

Қауіпсіздік сертификатты орнату бойынша толық ақпарат алу мақсатында байланыс операторларына олардың ресми интернет-ресурстарына және техникалық қолдау қызметтеріне жүгіну қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT