Ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарына білім гранттары 60-тан 500-ге артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Отырыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпарат және коммуникациялар, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білікті АТ-мамандарды даярлау тәсілдері қаралды.

Қазақстанда 80 мыңға жуық ұйым өз қызметінде интернетті пайдаланады. Алдын ала бағалау бойынша, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы еңбек нарығын түрлі деңгейдегі біліктілік пен мамандықтың шамамен 35 мың адамы қамтиды. Осыған байланысты ҚР БҒМ мен ҚАӨМ бірлесе отырып, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім гранттарының санын 2018 жылдан бастап 60-тан 500-ге дейін ұлғайтты.

Соңғы жаңалықтар