Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлтайыр Уызбаев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлтайыр Құдайбергенұлы Уызбаев 1976 жылы 5 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2010 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды қаласында Қолданбалы математика институтының зертханашысы болып бастаған. Түрлі жылдары «Қазпошта» ААҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ҰАХ» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Астана innovations» АҚ, сондай-ақ коммерциялық секторда қызмет істеген.

2004–2009 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында бас сарапшыдан бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымына дейін еңбек етті.

Соңғы жаңалықтар