Ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзғандар айып арқалауы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпаратқа қол жеткізу мәслелері жөніндегі комиссияның отырысында азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзған ақпарат иелеріне айыппұл салу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия отырысында Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттың қолжетімділігін арттыру үшін ұсынып отырған шараларын атады.

«Саланың әрі қарай дамуына мынадай мүмкіндіктер бар. Ашықтық принциптерін салалық заңнама арқылы күшейтіп бекітуге болады. Азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығы бұзылса, айыппұл арқалату үшін ақпарат иесін жауапкершілікке тартуға негіз болатын жайттардың тізімін кеңейте түсу керек. Ашықтық стандарттарын бекіту арқылы ақпарат иесінің ақпараттық ашықтығын жетілдіру қажет. Мүгедектердің ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін құқықтық және ұйымдастырушылық және басқа да жағдайлар жасау керек. Cондай-ақ, Қазақстанды Open Government Partnership халықаралық бастамасына қосу ұсынылып отыр», - деді министрлік өкілі.


Соңғы жаңалықтар