+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ақпарат және медиакоммуникация академиясын құру ұсынылды

2016 жылғы 14 қазан 19:16
Бөлісіңіз:
Ақпарат және медиакоммуникация академиясын құру ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлағандай, «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталына «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына қатысты Тұжырымдама қоғам талқылауына ұсынылған еді.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және саясаттану» факультеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Мырзантай Жақып бұл тұжырымдама аясында ақпарат және медиакоммуникация академиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі, медиакоммуникация секілді ақпараттық коммуникация саласының жоғары білікті мамандарын - бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау мәселесіне байланысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құзыреттіліктері мен құқықтарын нақтылайтын арнайы құқықтық қағидалар енгізілгені жөн. Қазіргі кезде елімізде "Журналистика", "Қоғаммен байланыс" және "Баспа ісі" мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандар Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен даярланып келеді. Көп жағдайда Білім және ғылым министрлігінің басшылары мен қызметкерлері бұл мамандықтардың ерекшеліктерін біле бермейді және түсіне де бермейді. Сондықтан, Бұқаралық ақпарат құралдарын біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешудің бір жолы ретінде елімізде журналистика, қоғаммен байланыс, медиакоммуникация, баспа ісі және т,б, мамандықтар бойынша магистрлер мен PhD докторларын даярлау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тікелей бағыныстағы дербес Ақпарат және медиакоммуникация академиясын құруды ұсынамын»,-дейді М.Жақып.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT