+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде мемлекеттік марапаттарды табыс етті

2019 жылғы 13 желтоқсан 19:30
Бөлісіңіз:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде мемлекеттік марапаттарды табыс етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен салтанатты рәсім барысында ведомоство бастығы Дәурен Абаев бірқатар мемлекеттік марапаттарды табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сан-Франциско биылғы 16 желтоқсанды Қазақстан-Америка достығы күні деп жариялады 28 жылда Қазақстанға қанша инвестиция тартылды Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды

Марапат иелері қатарында белсенді қоғам қайраткерлері, журналистер және жетекшілік ететін сала өкілдері бар.

Атап айтқанда, «Құрмет» орденімен «Человек и Закон» Республикалық заң газетінің және «Право и политика» журналының бас редакторы Марат Башимов; «Хабар» агенттігі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев; «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы« ҚҚ директоры Әлім Шауметов; Республикалық «Правовой Казахстан» газетінің бас редакторы Әзімхан Қасым; М.Нарықбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Марат Қоғамов; «Егемен Қазақстан» АҚ бас редакторының орынбасары Думан Анашов пен «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Исраил Смаил марапатталды.

Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма жетекшісі Айна Жүзенова; «Отандастар қоры» КЕАҚ-ға қарасты Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі Ауыт Мұқибек; «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС директоры Асқар Омаров және «Егемен Қазақстан» АҚ жауапты хатшысы Самат Мұса «Ерен еңбегі үшін» құрмет медалімен наградталды.


Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болғандар: Ұлттық дельфий комитетінің директоры Құралай Түсбекова; Zakon.kz желілік басылымының бас редакторы Қайрат Шайхиев; Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бас сарапшысы Бабыр Дауренбек; Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бас сарапшысы Дина Үмбеталиева.

Премьер-Министрдің алғыс хаты Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымоваға; Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметке; БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бахнияз Карашинаға; Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Архат Сәдуақасовқа; Дін істері комитетінің Өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының басшысы Мерекегүл Қарабаеваға берілді.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT