+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мешіттердің карантиннен кейінгі жұмысын талқылады

2020 жылғы 12 тамыз 11:14
Бөлісіңіз:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мешіттердің карантиннен кейінгі жұмысын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктен мәлім еткендей, кездесуде карантин талаптары жеңілдетілген кезде діни ғимараттардың жұмыс істеу мәселесі талқыланды. Бас мүфти мешіттер ашылған жағдайда діни ғимараттағы қызмет санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Өз кезегінде вице-министр ҚМДБ-ның мешіттерде коронавирус індетінің таралуының алдын алу бойынша бірыңғай іс-қимыл тәртібін әзірлеудің орындылығын жеткізді.

М.Әзілханов мемлекет пен діни бірлестіктердің, әсіресе пандемия сияқты жаһандық сын-қатерлер жағдайында одан әрі ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті. Вице-министр ҚМДБ төрағасына діндар азаматтардың мәжбүрлі карантиндік шараларға түсіністікпен қарағаны және олардың арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде мемлекетке көмектескені үшін алғыс айтты.

Өз тарапынан Бас мүфти биылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өткен Құрбан айт мерекесі кезінде министрліктің көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

«Министрліктің көмегімен Діни басқарманың «Qurban2020.muftyat.kz» арнайы сайты іске қосылды, соның арқасында азаматтар қашықтан қайырымдылық жасай алғанын назарға саламыз. Жалпы, Қазақстан бойынша мереке кезінде 80 мыңнан астам мұқтаж адам құрбандық етін алды.

Сондай-ақ, тараптар деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады», - делінген ведомство ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT