Ақпарат және қоғамдық даму министрі ант қабылдады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жаңа басшысы Дархан Қыдырәліні таныстырып, бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Умаровқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», - деді жаңа министрі Дархан Қыдырәлі.


Фото: t.me/KZgovernment




Соңғы жаңалықтар