USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ақпарат министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді

2021 жылғы 16 қыркүйек 18:32
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
«Российская газета» басшысы: Оқырманға айтатын Қазақстан туралы жағымды жайттар көп «Егемен Қазақстан» мен «Российская газета» серіктестік туралы келісім жасасты Елордада 2022 жылға газет-журналға жазылу жүріп жатыр

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Turaninfo.kz агенттіктің тілшісі И. Дастан мен «7 арнаның» тілшісі Д. Әлімқұлдың сотқа дейінгі тергеу аясында Жамбыл облысының полиция департаментіне шақыртылуы бойынша келесіні хабарлайды.

Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады.

Осы уақытқа дейін белгілі болған мәлімет бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аталған іс бойынша жоғарыда аталған БАҚ өкілдерінің мәртебесі куәгер ретінде белгіленді. Министрлік бұл мәселені назарға алды және бақылауда ұстап отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес, журналистер көпшілікке ақпарат таратпас бұрын, оның шынайылығын үнемі тексеріп отыруды ұмытпау керектігін ескертті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT