+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақпарат министрлігі LinkedIn ресурсының бұғатталуына қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 27 шілде 17:00
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрлігі LinkedIn ресурсының бұғатталуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn интернет ресурсының бұғатталуына себеп болған жайтты атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство таратқан мәлімет бойынша, елдегі ақпарат алаңына тұрақты жүргізілетін мониторинг кезінде LinkedIn ресурсында интернет-казино жарнамалау, нақты адамдардың атынан ашылған жалған аккаунттарды тіркеу сияқты Қазақстан заңнамасына қайшы фактілер анықталған.

Министрліктегілердің айтуынша, мұндай әрекеттер елдегі заңнамаға ғана емес, аталған интернет ресурстың ішкі ережелеріне де қайшы.

Нақты айтсақ, ресурсты пайланау туралы келісімде «қатысушылар жарияланған ақпараттың сенімді және заңды болуы керектігі» және «үшінші тарапқа тиесілі құқықтарды бұзбауы керек екені» айтылған.

Ал ресурстың жарнама орналастыру ережесінде пайдаланушыларды жаңылыстыруға немесе оларға жалған ақпарат беруге, құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынған.

«Осыған байланысты, белгілі болған заң бұзу фактілері бойынша министрлік ҚР «Байланыс туралы» Заңының 41-1-бабы 3-1-тармағының талаптарымен LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне анықталған заң бұзу фактілерін жою және сонымен байланысты материалдарды өшіру бойынша шаралар қабылдау керектігін айтып, хабарлама жіберді. Алайда, өкінішке қарай, интернет-ресурстың әкімшілігі заң бұзу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдаған жоқ», - деп жазылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінде.

Жоғарыда айтылған «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабында көзделген тәртіп бойынша, министрлік заң бұзу фактілерін жоймаған ресурсты бұғатттаған.

LinkedIn әкімшілігі ведомство нұсқаған заң бұзу фактілерін жойған жағдайда ресусрқа қойылған бұғат алынады.

«Министрлік Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау мәселесінде әрқашан сындарлы диалог құрып, интернет-ресурс әкімшілігімен ынтымақтастықты жолға қою ұстанымын сақтайды», - деп жазылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT