Ақпарат министрлігі қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Бұл жөнінде министрлікке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қабылдау бөлмесі әр айдың соңғы сәрсенбісінде сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында тиісті вице-министрлер, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшылары көпшіліктің сұрақтарына жауап береді.

«30 қазанда біз баршаңызды жұмысымызға қатысты мәселелер бойынша өз пікір-ұсыныс, тілектеріңізді білдіруге шақырамыз. Біз әрқашан ашық және сындарлы диалогқа дайынбыз» деп мәлім етті министрліктен.

Министрліктің ресми сайтында немесе мына телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады: 8 (7172) 74-04-98.

Соңғы жаңалықтар