Ақпарат министрлігі Қазақстанның тұтастығына қатысты даулы жарияланымға түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Григорий Миронов: Егер Қазақстан федерация болмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» деген мақала қазақстандық интернет қолданушылар тарапынан жағымсыз реакция тудырды. 

Осы материалға қатысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ға аталмыш мақаланы бұғаттау шараларын қолданып, сондай-ақ оны Қазақстан аумағында жариялаған шетелдік сайттарда таралуын тоқтату бойынша нұсқама жолдады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Әділ Қожықов хабарлады. Ол атап өткендей, Forbes.kz қазақстандық басылымына редакторлық бақылауды күшейтіп, болашақта Қазақстан Республикасының тұтастығын, мемлекеттік қауіпсіздігін бұзатын,  экстремизмді, ұлтаралық және дінаралық араздастықты тудыратын насихаттау материалдарын жариялауға жол бермеу туралы ескерту хат жолданды. 

Соңғы жаңалықтар