+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақпарат министрлігі Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды

2020 жылғы 13 шілде 21:28
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрлігі Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпарат беру үшін Coronavirus2020 мобильді қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді Эпиахуалды бағалау матрицасы: «Қызыл» аймақта 2 мегаполис пен 4 облыс тұр

Қосымша арқылы тұрғындар Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы жедел ақпаратты уақтылы біле алады. Әзірге Coronavirus2020.kz сайтынан қосымшаны компьютерге жүктеуге болады және жақын арада iOS (App Store) пен Android (Play market) платформаларында қолжетімді болады.

Қосымшада төмендегідей ақпарат болады:

- Коронавирусты таратпау үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар;

- Індеттен сақтану және алдын алу шаралары;

- Коронавируспен ауырған және жазылған адамдардың жедел статистикалық деректері;

- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарындағы Call-орталық нөмірлері;

- Түрлі жағдайларда жасалатын шаралар алгоритмі;

- Елдегі барлық шектеу шаралары;

- Жаңалықтар лентасы;

- COVID-19 туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға брошюра мен бейнеролик түріндегі жауаптар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT