+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Ақпарат министрі жасырын Telegram-каналдар туралы сұраққа жауап берді

2020 жылғы 29 маусым 13:21
Бөлісіңіз:
Ақпарат министрі жасырын Telegram-каналдар туралы сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халыққа әртүрлі ақпарат тарататын аноним Telegram-арналарға алдағы уақытта қандай шара қабылдануы мүмкін? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Шынында да олар қазір көбейіп кетті. Нақты сұраққа келер болсақ, менің өзім жалпы жаппай тыйым салу шараларын жақтай бермеймін. Әсіресе маған және менің әріптестеріме қатысты сын айтылып жатса, оған тыйым салу керек деп есептемеймін. Алайда бұл жерде деструктивті ақпаратқа немесе ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін болса, мемлекет заңға сәйкес қатаң шараларды қабылдайды», - деді министр.

Аида Балаева бұл бағытта нақты адамдарды табу оңай емес екенін айтып өтті.

«Тағы да қайталап айтайын: егер белгілі бір Telegram-арнаның ақпараты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе, онда мемлекет қатаң шараларды қабылдайды», - деп сөзін қайталады министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT