Ақпарат комитетінің төрағасы шымкенттік журналистермен кездесті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкентке Президент Жолдауын насихаттау бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері арнайы сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық топтың құрамында келген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Елбасының халыққа арнаған Жолдауын насихаттауда БАҚ және әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбындағы басқосуға қатысты.null 

Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова мен жергілікті БАҚ басшылары, бас редакторлары, тілшілер қатысқан жиында Жолдауды насихаттаудағы БАҚ-тың рөлі мәселесі сөз болды.

Басқосуда Ержан Нүкежанов сөз сөйлеп, журналистердің өз құқықтарын мен міндеттерін білуі маңызды екенін атап өтті. Ашық диалог түрінде ұйымдастырылған жиында журналистер өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, жиында тілшілер қауымының мемлекеттік орган өкілдерімен, баспасөз хатшылармен жұмыс істеуі, журналистердің өз құқықтарын білуі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Министрлік өкіліне мемлекеттік және жекеменшік БАҚ өкілдері өздерін толғандырған бірқатар сауалдарын қойды. Ақпарат комитетінің төрағасы олардың бірқатарына сол жерде жауап беріп, бірқатарын ведомствода талқыға салатынын жеткізді.null  

null 

null 

Соңғы жаңалықтар