Ақпанда қамалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметіне қайта кірісті
2022 жылғы 25 мамыр 09:50

Ақпанда қамалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметіне қайта кірісті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланған.

Қаржы мониторингі агенттігі бұл деректі 4 ақпанда ресми растады.

Шенеуніктің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Ғалымжан Ниязов сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Оған қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осы уақыт бойы әкім орынбасары жалақысыз еңбек демалысында болған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT