Ақпанда 2010-2011 жылдарға арналған салықтық әкімшілеуді жетілдіру бағдарламасы Үкіметтің қарауына енгізіледі

None
None
АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанда 2010-2011 жылдарға арналған салықтық әкімшілеуді жетілдіру бағдарламасы Үкіметтің қарауына енгізіледі.

Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Салықтық әкімшілеуді жетілдіру бойынша 2010-2011 жылдарға арналған салықтық әкімшілеуді жетілдіру бағдарламасы әзірленді. Ақпан айында бұл құжат Үкіметтің қарауына енгізіледі»,-деді Д. Ерғожин. «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі жөніндегі Елбасының тапсырмасына сәйкес, салықтық әкімшілеу жүйесін реформалау бойынша Дүниежүзілік банкпен жобаны жүзеге асыру - стратегиялық маңызға ие»,-деді Комтитет басшысы.Оның айтуынша, Дүниежүзілік банкпен қарыз беру және талаптар жөнінде келіссөздер жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылған.Қазіргі кезде қарыз беру туралы келісімге қол қоюға дайындық тұрғысындағы жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізген ол, «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оны жүзеге асыруға биылғы жылы кірісу үшін келісімді жеделдету бойынша тапсырмы беруді сұраймын», деді.

Соңғы жаңалықтар