Ақпан айында еліміздегі тұрғын үй бағасы өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпан айында өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне тоқталсақ, 2021 жылдың ақпанында жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары өткен жылдың осы айына қарағанда 8%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан.

Бюро ақпаратынша, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2021 жылдың ақпанында 4,2%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағасы 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биылғы жылдың ақпанында 8,2%-ға көтерілген. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен.


Соңғы жаңалықтар