Ақордадағы Президентпен кездесуге кімдер қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы кездесуге 18 адам қатысты. Олардың ішінде Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева, «Астана-Зеленстрой» АҚ бригадирі Наталья Ермолина, «Атыраумұнаймаш» ЖШС краншы-машинист Айжан Асмағамбетова, Қостанай облысы Мичурин ауылдық округының әкімі Вера Клочко, «Qazaq-Oner» орталығының жетекшісі Айгүл Жансерікова, «Жетісу» газетінің тілшісі, ақын Мақпал Тәжімағанбетова, «Кішкентай әлеуметтік ательесі» жобасының жетекшісі Айгүл Мұстафина, Қызылорда облыстық онкологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі Виктория Юн, мұғалім Нұржамал Садықова, Назарбаев университетінің қызметкері Анара Сандығұлова, Алматы облысы Алатау аудандық көші-қон инспекторы Айжан Әбішева, «Нұр» шаруа қожалығының басшысы Светлана Мәутеева, «Дана» атты жеке мектептің директоры Күләнда Батырбекова, әртіс Самал Еслямова, «Life4Job» ЖШС директоры Айнұр Бақтығалиева, әнші Клара Төленбаева, жеке кәсіпкер Алтынай Сәрсенбаева және ҚазҰУ доценті Мәншүк Мәмбетова бар. Кездесу кезінде Н.Ермолина бірінші болып сөз алып, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Ол Президентпен кездесуге үш күн дайындалғанын айтты.null

«Мен өзім Целиноград кезінде тудым. Жоғары білімім жоқ. Бірақ 20 жылдан бері сүйікті ісіммен айналысып келемін. Сізге жақын жерде жұмыс істейміз. Ақорданың алдындағы алаңда әріптестерімізбен бірге гүл егіп отырамыз. Мен өз қаламды жақсы көремін. Бұрынғы кейпімен салыстырсам, айырмашылығы жер мен көктей. Сол үшін Сізге мың да бір алғыс!», - деді Н.Ермолина.

Президент өз кезегінде қаланы көгалдандандырып, xалықтың көңілін көтеріп жүрген барлық қызметкерлерге өз ризашылығын білдірді.

Ал инспектор Айжан Әбішеваның жолдасы - Рәшид Әбішев осыдан 8 жыл бұрын бір әйелді қорғаймын деп, қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан. Сол үшін «Айбын» орденімен марапатталды. Медаль оның отбасына табысталды. Әкімдіктен пәтер берілді. Айжан екі баламен жалғыз қалды. Рәшидтің жолдастары әріптесінің келіншегін жұмысқа шақырып, жолдасының жұмысын жалғастыруды ұсынған екен. Осылайша, Айжан Әбішева кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспектор қызметіне кірісті. Бүгінгі кездесуде ол Президентке мемлекет тарапынан жасалған барлық көмек үшін алғыс айтты.null

Ал әртіс Самал Еслямова шетелде жүргенде туған жерінің аспанын сағынады екен.

«Мен үшін бүгін - есте қалатын күн. Өзім әлемнің қай мемлекетінде болсам да, әрқашан Қазақстанға үлкен қуанышпен, үлкен бақытпен ораламын. Елімді қатты сағынамын. Елімнің аспанын қатты сағынамын. Біздің аспандай аспан басқа жерде жоқ. Сол аспанды, елімізді бейбітшілікте сақтағаны үшін өз атымнан және xалықтың атынан мың алғыс айтамын», - деді С.Еслямова.null

Батыс Қазақстан облысынан келген «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Мәутеева өз фермасының атауын айтқанда Президент оның сөзін бөліп: «Атауы жақсы екен. Бірақ қазір бәрі "Нұр"-дан басталады деп, сынға алып жатады. Сонда оны менімен байланыстырып жатады (күлді). Мен атауын солай қойсын деп айтпаймын ғой», - деді Н.Назарбаев.

Кәсіпкер әйелдің сөзіне қарағанда, осыдан алты жыл бұрын арнайы білімі болмаса да, мемлекеттік бағдарлама аясында 200 миллион теңгеге несие алды.null

«Шынымды айтсам, қорқыныш болды. Бүгінде орта және шағын бизнеске жасалып жатқан қолдаудың арқасында біраз жетістіктерге жетті. Асыл тұқымды малды өсіреміз. Жылқы, қой, ешкі, тауық - бәрі бар», - деп атап көрсетті С.Мәутеева. null

Мемлекет басшысы xаттамаға қарамай, екі әйелге кезек-кезек барып, бір нәрсені ұстатты. Көпбалалы ана Мәншүк Мәмбетованың айтуынша, кездесу кезінде оның тамағы ауырып отырған. Мемлекет басшысы соны байқаған болуы керек, арнайы кәмпит-дәріні ұстатып кетті. «Тамағым жыбырлап, ауырған соң Президент соны басатын дәрі берді. Өте жақсы көмектесті», - деді М.Мәмбетова журналистерге берген сұxбатында.

«Астана-Зеленстрой» АҚ атынан қатысқан бригадир Наталья Ермолина да Президенттің соратын таблетка бергенін растады. «Иә, соратын кәмпит болды. Мен сәл-пәл ауырып қалдым. Содан Президент дәрі әкеліп берді», - деді Н.Ермолина. null

Айта кетейік, кездесу кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша аналар мен қыз-келіншектерді 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. «Ананың құдіреті шексіз. «Оның алдында бүкіл дүние бас иеді» деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқтап, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды», - дейді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы көпбалалы отбасыларға көмек беру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, екі анаға анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» салтанатты түрде тапсырды.

Соңғы жаңалықтар