Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Виктор Янукович және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтар қатысуда.

«Былтырғы жылдың желтоқсанында біз жиі кездесуге уағдаласқан едік. Осыған қатысты сондай-ақ Еуразиялық экономикалық кеңесті құру бойынша құжаттарды қабылдау қарқынын үдету үшін биыл 3 рет бас қосамыз. Бүгінгі күні сол уағдаластықтың аясындағы бірінші отырысты бастағалы жатырмыз. Ең бастысы - бұл біздің одан әрі интеграцияға ұмтылысымыз»,-деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Президент интеграцияның оның барлық мүшелеріне қатысты тиімділігі болуы керектігін атап өтті. «Мемлекеттер интеграцияға олар оқшауланып қол жеткізе алмайтын дүниені иелену үшін барады. Сондай-ақ, интеграциялық үдеріс эволюциялық жолдан өтіп, сатылап жүзеге асуы шарт»,-деді жиынды ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар